Жеңіс жалауы желбіреген күн

0 0

Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке ерліктің, елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі, елордамыздың гүлденуі де осы мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мəңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Бұл Жеңіс бүгінгі күні де біздер сияқты жастарды жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат беріп, алға ұмтылуға күш береді. Өздеріңізге деген құрметіміз шексіз, Біз сіздерді мақтан тұтамыз.Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке тілеймін.

«Жас отан» жастар қанатының белсендісі, «Экологиялық орталық «КММ директордың орынбасары-А.Оразалиева

Leave A Reply

Your email address will not be published.