Жамбыл облысында 18 мыңға жуық адам жұмысын қайта бастады

0 0

Жамбыл облысында тұрақты карантин режимі сақталуда. Бірінші кезеңде ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап бірқатар бизнес субъектілері үшін шектеулер алынды, нәтижесінде 18 мыңға жуық адам жұмысын қайта бастады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ-ң ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров  айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

11 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізіледі. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады.

11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, келесі нысандардың жұмыс жасауына рұқсат беру ұсынылады.

— сервис орталықтары(тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу бойынша);

— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары (113 нысан, 1493 жұмыс орны);

— ауданы 500 м2 дейін азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар) (131 нысан, 345 жұмыс орны);

— тұрмыстық техника дүкендері (115 объект, 670 жұмыс орны);

— оптика (дүкендер),фотосалондар, гүл сататын дүкендер және дүңгіршектер (145 нысан, 576 жұмыс орны);

— жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша компаниялар, жарнама агенттіктері (68 объект, 285 жұмыс орны);

— сақтандыру компаниялары (21 нысан, 210 жұмыс орны);

— медициналық орталықтар(алдын ала тіркеліп) (39 нысан, 2923 жұмыс орны)

Жұмыс уақыты09.00-ден 18.00-ге дейін.

Жамбылдықтарға, сондай-ақ көшеде спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат етіледі.

Тараз-Нұр-Сұлтан-Тараз бағыты бойынша авиарейстер қайта іске қосылатын болады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екінші кезеңде 632 бизнес нысаны ашылып, 6470 адам жұмысқа қайта оралады.

Жұмысты қайта бастау үшін міндетті шарт санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау болып табылады: санитайзерлердің, медициналық маскалардың, қолғаптардың және т. б. болуы.

Шаштараздар мен сұлулық салондарының, барлардың, түнгі және ойын клубтарының, сауда орталықтары мен кинотеатрлардың, спорт ғимараттарының, монша, мейрамханалардың, кафелердің, базарлардың және қоғамдық көліктердің жұмысына әлі де тыйым салынған.

Сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларды, сондай-ақ көпшілік жиналатын отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Тұрғылықты жерлеріне жақын серуендеуге рұқсат етіледі, бірақ саябақтар мен скверлердің ашылуына тыйым салынады.

Облыс аумағында және Тараз қаласы периметрі бойынша автожолдарда, елді мекендерде блокпосттар жұмыс істейтін болады.

Карантиндік шараларды жеңілдетудің келесі кезеңі бойынша шешімді өңірдегі қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, облыстық жедел штаб қабылдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.