Жамбыл облысында екінші үшем дүниеге келді

0 3

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында Тараз қаласының тұрғыны 33 жастағы Райхан Шахарбаева екінші жүктілігінде дүниеге үшем әкелді,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі. 

Өмір есігін ашқан бір ұл және екі қыз жүктіліктің 33-ші аптасында кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Олардың салмақтары 2235, 1679, 1619 грамм. Бүгінгі күні үйіне шығарылған үшемнің жағдайлары жақсы, салмақ қосуда. Үшемнің әкесі Тараз металлургиялық зауытынды жұмысшы, ал анасы үй шаруасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.