Республикалық адалдық алаңы басшысы Жамбыл облысында болды

0 10

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгулов Жамбыл облысында жұмыс сапармен болды. Іс-сапар барысында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алға қойылған жоспарларымен танысып, облыстағы тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, тиісті уәкілетті орган қызметкерлерімен бірлесіп «Сапалы жол» жобасы аясында облыстағы жол жөндеу және жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізіп, оның нәтижесімен анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты медігерлерге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Адалдық алаңы пәтер иелері кооперативінің Қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, 2019 жылы жөндеуден өткен тұрғын үйлердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары бастама алды.
Төлеген Байгулов халықпен тығыз байланыс орнатып отырған мекемелерді аралап, карантин уақытындағы ХҚКО-ның жұмыс жүргізу барысымен және Полиция департаментінің фронт-офистерімен танысты.
Жұмыс сапар қорытындысымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Жамбыл-адалдық алаңының» кураторы Б.Орынбековпен және Тараз қаласының әкімі А.Қарабалаевпен кездесіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты атқарылып жатқан мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылдың 13 мамырында Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байгулов Жамбыл облысында жұмыс сапармен болды.
Іс-сапар барысында «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алға қойылған жоспарларымен танысып, облыстағы тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Атап айтқанда, тиісті уәкілетті орган қызметкерлерімен бірлесіп «Сапалы жол» жобасы аясында облыстағы жол жөндеу және жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жүргізіп, оның нәтижесімен анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты медігерлерге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Адалдық алаңы пәтер иелері кооперативінің Қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, 2019 жылы жөндеуден өткен тұрғын үйлердің сапасына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары бастама алды.
Төлеген Байгулов халықпен тығыз байланыс орнатып отырған мекемелерді аралап, карантин уақытындағы ХҚКО-ның жұмыс жүргізу барысымен және Полиция департаментінің фронт-офистерімен танысты.
Жұмыс сапар қорытындысымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Жамбыл-адалдық алаңының» кураторы Б.Орынбековпен және Тараз қаласының әкімі А.Қарабалаевпен кездесіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты атқарылып жатқан мәселелер талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.