Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

0 19

2020 жылдың 14-31 мамыр аралағында Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау жарияланады.
Байқау материалдарын Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1 (4 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Байқауға эскиздер jpeg, cdr, psd нұсқасында ұсынылуы қажет.
Байланыс телефондары: 45-54-97, 8 776 622 97 97
Е-mail: gor_arhitektura@list.ru

Тараз қаласының әкімдігі

Тараз қаласының логотипіне (бренд) ашық байқау өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ереже

1. Ең жақсы логотипқа ашық байқау өткізу туралы осы Ереже байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген жұмыс талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу мен жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.
2. Қағиданың мақсаты – Тараз қаласының үздік логотипіне байқау ұйымдастыру және өткізу.
3. Логотип – ою-өрнектер, әріптер, суреттермен біріктірілген көрнекі немесе ауқымды белгі, әріптерден құралған графикалық таңбалардың кез келген комбинациясы (эмблема, сөздер, әріптер, сандар, көрнекі элементтер, түстер комбинациясы).

Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
1. Мәдени-тарихи мұраны ескеретін, қала бейнесінің жаңаруына және оның жеке ерекшелігіне ықпал ететін Тараз қаласының логотипін құру;
2. Қала ұқсастығының бірыңғайлығын және мәдени-тарихи мұраны, табиғи ерекшеліктерді, жаңа даму үрдістерін айрықша толығымен ескеретін Тараз қаласының логотипінің ең үздік жобасын анықтау;
3. Қала дамуының жаңа бағыттарына қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдардың назарын тарту;
4. Тараз қаласының оң имиджін құруына, оның бәсекелік қабілетін және туристік қызметтер нарығындағы беделін көтеруге, сондай-ақ ықтималды перспективалық ішкі туризмінің дамуына жағдай жасау;
5. Жастардың санасында қала тарихын құрметтеу сезімдерін қалыптастыру;
6. «Үздік» деп танылған қала логотипін жарнамалық, маркетингтік және басқа да іс-шараларда қолдану.

Байқаудың әкімшісі
1. Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Байқауды өткізу орны
1. Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1, 4 кабинет;

Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі
1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, Тараз қаласы әкімінің өкімімен нәтижелерін жариялау мақсатында байқаудың сараптау Комиссиясы бекітіледі (әрі қарай — Комиссия).
2. Комиссия жұмысының басты нысаны отырыс болып табылады. Комиссия жұмысының әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына тәуелсіз бақылаушылардың, яғни Комиссия отырыстарына Тараз қаласы мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партияның өкілдеріне қатысу рұқсат етіледі.
3. Комиссия келесі функцияларды жүзеге асырады:
— байқау талаптарына сәйкес байқауға келіп түскен мәліметтерді бағалайды;
— байқау жеңімпаздарын анықтайды;
— байқау жеңімпазын марапаттау рәсімін жүргізеді.
4. Байқау шешімі ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен қабылданады.
5. Комиссия мүшелерінің:
1) құқығы:
— байқау ұсыныстарын талқылауға, қарастыруға және салыстыруға қатысуға, сондай-ақ байқау жеңімпазын анықтау туралы шешім қабылдау;
— байқауға ұсынылған барлық мәліметтермен танысу;
— байқау жұмысын байқау міндеттері мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тоқтату.
2) міндеті:
— байқау ұсыныстарын объективті түрде қарастыру.

Жеңімпазды ынталандыру
1. Байқау нәтижелері бойынша байқау жеңімпазын 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде сыйақымен марапаттау туралы шешім қабылданады.
2. Байқауға қатысушылар (әрі қарай — Қатысушы):
1) авторлық ұжымдарға, дизайн студияларына, жарнама агенттіктері мен фирмаларға және т.б. мекемелердің байқауларына қатысуға жолдама алады;
2) әр қатысушы жұмыс көлемін шексіз мөлшерде тапсыра алады;
3) уақытылы келіп түспеген немесе байқаудың шарттарына сәйкес келмейтін және белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделген байқау материалдары байқауға қытыстырылмайды;
4) байқау барысы қоғаммен тікелей қадағалануы және ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байқау бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүргізіледі.

Байқау материалдарын ұсыну түрі мен мерзімі
1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
2. Байқауды өткізу мерзімі: 2020 жылдың 14-31 мамыр аралағында.
3. Байқау материалдарын Тараз қаласы, Жүнісәлиев көшесі, №1 (4 кабинет) мекенжайы бойынша 2020 жылдың 31 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
Байқауға эскиздер jpeg, cdr, psd нұсқасында ұсынылуы қажет.
Байланыс телефондары: 45-54-97, 8 776 622 97 97
Е-mail: gor_arhitektura@list.ru

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар
1. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:
— байқау мақсаты мен міндеттерін көрсететін көркемдік шешімнің мазмұны және идеяның түпнұсқалығы;
— бірегей, басқаларға ұқсамайтын, заманауи логотип;
— кез келген беттерде орналастыру мүмкіндігі (қағаз, картон, шыны, ағаш, темір және т.б.)
— техникалық талаптарға сәйкес келуі (көлемі өзгерген жағдайда оқу мүмкіндігінің сақталуы, барлық элементтер мен эстетикалардың түрлі түсті секілді монохромды нұсқаларындағы анықтығы).

Leave A Reply

Your email address will not be published.