Аудан басшысы «Үлгілі ауылда»

0 5

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев «Үлгілі ауыл» байқауына ұсынылған Биназар ауылына арнайы барды. Аудан басшысы ақсақалдармен, мектеп және клуб басшыларымен,аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті,– деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Үлгілі ауыл» жобасына кірген Биназар ауылдық округі Мойынқұм ауданы орталығының оңтүстік-шығысында 67 км жерде орналасқан. Орталығы — Биназар ауылы.
Ауылдық округте 1320 халық тұрады. Елді мекенде мектеп, бір медпункт,ауыл клубы және кітапхана жұмыс істейді. Жалпы экономикалық, әлеуметтік – мәдени және этностық ұйысу деңгейі тұрақты. «Үлгілі ауыл» жобасын іске асыру бойынша аудан әкімінің бекітуімен іс-шаралар жоспары жасалған. Жоспар 2 бөлімнен тұрады. Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлгі ету бойынша 17 шара (оның 9-ы іске асырылды) ұсынылса, ауылдың инфрақұрылымын және әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін арттыру бағыты бойынша 14 жоба (оның 6 іске асырылды) ұсынылған. Бүгінгі таңға бекітілген жоба бойынша жұмыстар қадағаланып, қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаны іске асыруға аудан әкімі М.Мұсаев тікелей ықпал жасау үшін ауыл ақсақалдарымен, аналар кеңесі, мектеп және клуб басшыларымен кездесіп қайтты. Аудан басшысы алдағы жоспарларды талқылап сондай ақ «Елдік елге байланысты» демекші ауыл тұрғындары мен ауыл жастарына рухани тәрбиелік бағыт бағдар көрсетуге оң ықпал жасауларын сұранды. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары ауылдың тәртібі, жастары үлгі ететіндей дәрежеде екенін, Биназар ауылын таңдап үлгілі етуге ұсынған комиссия мүшелеріне алғыстарын жеткізе отырып, сенімді ақтайтындарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.