Тұрар Рысқұлов ауданының жұртшылығына талап қатаң қойылды

0 0

Тұрар Рысқұлов ауданының жұртшылығына талап қатаң қойылды , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  Індетке қарсы күресті күшейту туралы арнайы кеңесте айтқан талаптарын жүзеге асыру бағытында жұмыстар қолға алынды.Осыған байланысты аудан әкімі Е.Садырқұлов аудан жұртшылығына үндеу жариялады. Онда: Әлемді жайлаған Коронавирус індеті біздің елімізде де қауіп тудырып, жағдай күннен-күнге қиындап, науқастар саны тәулік сайын артып келеді. Күн санап аудан аумағында да науқастар саны артып, олармен тығыз қатынаста болған тұрғындар саны көбейді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде Кеңесте еліміздегі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.

Сондықтан аудандағы індетпен күрес мәселесі-ең өзекті басты мәселе болып отыр. Індеттің алдын алу бойынша аудан әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, арнайы мониторингтік және мобильді топтар бекітілген. Індеттің алдын алуда бұл штаб міндеті-халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы арқылы инфекцияның жұғу қаупін сейілту, халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.
Науқастардың індет жұқтыру фактілерінің басым бөлігі қарапайым сақтық шараларын сақтамаудан туындап отыр. Әсіресе сыртқа шығып, түрлі отбасылық шараларға (құдалық, жерлеу рәсімдері, еске алу жиындары, той т.б) қатысу арқылы науқас жандармен қатынаста болғанын білмей қалудан болып жатыр. Көпшілік ортада көп жүру-өте қауіпті екендігін сезінетін кез келді. Барлық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде халықтың қауіпсіздігін сақтау, денсаулықты күту бағытында айтылып-жазылып жатқанына қарамастан, отбасылық-көпшілік шараларды өткізу үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. Науқастар саны көбейіп, қауіп туындауда. Сондықтан барша аудан тұрғындарын төмендегі шараларды бұлжытпай орындауға шақырамын:
— Барынша әлеуметтік ара қашықтық сақтап, оқшауланып, жұртшылық көп жиналатын жерлерге бармау, әлеуметтік оқшаулануды жүзеге асыру;
-Барлық жағдайда, барлық ортада бетперде киіп жүру, антисептик қолдану-басты міндет.Науқас белгілері болса, дәрігерге көріну қажет.
-Әр ауылдың азаматы жақындары мен жерлестерін қауіптен сақтандыру үшін өзі сақ болуы қажет.
-65 жастан асқан азаматтарға, созылмалы аурулары бар, қауіп-қатерлі топқа жататын азаматтарға үйлері мен пәтерлерінен көшеге шықпауы ұсынылады;
-орын саны 50-ден аспайтын қоғамдық тамақтандыру орындарында арасы 2 метр қашықтық сақтай отырып, баруды есте сақтау, бірақ ол орындарда отбасылық шаралар өткізуге тыйым салынғанын ескеру;
-Күндізгі уақытта аса қажеттілік болмаса, топтанып көшеге шықпау;
— Індет ошағы шыққан үй тұрғындарының ерекше оқшауланып, көшеге шықпауы, барлық талапты сақтауы қажет;
-Қоғамдық орындарда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, халықтың қауіпсіздігін сақтау;
Барлық шектеулер аудан тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жасалынып жатқанын ескеру керек.» -деп көрсетілген.
Сақтық шараларын қатаңдату ғана қауіпті сейілтеді.Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде бақылаудан алынбайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.