Қордай аудандық сотының ұжымы редакция ұжымдарына арнайы барды

0 1

Қордай аудандық сотының ұжымы мереке қарсанында «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» және «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің ұжымдарына арнайы барды  , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Сот қызметін атқаруға байланысты өзекті мәселелерді, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған құқықтық реформалар туралы сапалы материалдар дайындап, олардың баспаға жедел жариялануына, сот билігі органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, белсенді жұмыс атқарғандары үшін ерекше алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, 28 маусым — елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Әуелде Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы күні 10 мамырда атап өтіліп келді.

Себебі 1870 жылы дәл осы күні қазақ тіліндегі алғашқы басылым — «Түркістан уәлаяты» газетінің алғашқы саны жарық көрген еді. 1997 жылы бұл дата өзгертіліп, журналистердің кәсіби мерекесі БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн 28 маусымға белгіленді. Ол «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы деп аталды.

Сол жылдан бастап тілшілер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. 2011 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелер тізімінің жаңа редакциясын мақұлдады. Оған сәйкес, 28 маусым Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.