Тараз қаласы Жамбыл ауданының құрметті азаматы Қаржаубай Бекболатов қайтыс болды

0 12

Тараз қаласы Жамбыл ауданының құрметті азаматы Қаржаубай Бекболатов қайтыс болды, — деп хабарлайды   “ZhambylNews”  ақпараттық агенттіігі.

Қаржаубай Бекболатов 1950 жылы 1 наурызда Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған.

1967-1968 жылдары — «Қаракемер» кеңшарында қант қызылшасының есебін жүргізуші. 1970 жылдан — Жуалы аудандық кеңсесінің дайындаушысы. 1972 жылдан — Жамбыл аудандық АДК қойма меңгерушісі. 1974 жылдан — Талас ҚДК директорының орынбасары. 1975 жылдан — Жамбыл ОТО экономисі. 1983 жылдан — Шу ауданының ҚДК қаржыгері. 1985 жылдан — Шу АТО Басқарма төрағасы. 1995 жылдан — «Жомарт» АҚ бас директоры. 2003 жылдан — Жамбыл облыстық Коммуналдық меншік департамөнтінің бастығы. 2005 жылдан — Жамбыл облыстық әкімдігінің «Табиғи монополиялардың қызметін реттеу және бәсекені қорғау департаменті» MM бастығы. 2007-2008 жылдары облыстық тариф басқармасының басшысы.

2008-2010 облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының  басшысы, 2010-2011 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің  меңгерушісі ,  2011-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық филиалының төрағасы. 2015-2016 жылдары Тараз қалалық мәслихаты аппаратының инспекторы,  2016 жылдан қазіргі күнге дейін — қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес төрағасы қызметтерін атқарған.

Нұр Отан партия Жамбыл облыстық филиалының бюро мүшесі, Тараз қалалық мәслихатының V-шақырылымының депутаты, фракция жетекшісі болған.

Қоғамдық қызметтері:

15 жыл «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты. Нұр Отан партиясының VII-VIII-IX-X-XI-XII-XIII-XIV-XVсъездерінің делегаты. 2000 жылы Президент сайлауына облыстық штаб мүшесі . 2005 жылғы Президент сайлауында облыстық штабтың басшысы, Елбасының Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілі.  2011, 2015 жылдардағы Президент сайлауында Тараз қаласының штабын басқарған.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндөгі агенттігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.