Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 48 жағдайы тіркелген

0 0

Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның 48 жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 симптомдық, 38 симптомсыз , – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық стационарға тасымалданды. Олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Тараз қаласында коронавирустық инфекция 1980 жылы туған әйелден табылды. Ол тыныс алу ауруының белгілері бойынша алдын алу шарасы ретінде тексерілген. Сондай-ақ, кәсіби мақсатпен Қордай ауданының 1982, 1964 жылы туылған екі тұрғыны коронавирусқа тексеруден өтті. 1990 жылы туған тағы бір қордайлықтан да инфекция тіркелген.

Бұдан бөлек Байзақ ауданының 1964, 1970, 1946, 1950 жылдары туған төрт тұрғынынан ауру анықталды. Талас, Сарысу аудандарының 1953, 1983 жылы туған тұрғындары дертке шалдыққаны белгілі болды. Науқастар емханаға жіті респираторлық вирустық инфекциялардың белгілері бойынша өздері жүгінген.

Жалпы, өткен тәулікте Байзақ ауданында 19-дан 59 жасқа дейінгі тұрғындар арасында 14 симптомсыз жағдай расталса, оның үшеуі байланыста болған тұлғалар.

Тараз және Қордай аудандарында 7 симптомсыз оқиға, Сарысу ауданында 5 оқиға (бір байланыста болған адам), Т.Рысқұлов ауданында 3 оқиға, Жуалы ауданында 1, Талас ауданында 1 жағдайдан тіркелген. Олардың барлығы үй карантиніне алынды.

Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекцияның 1971 жағдайы расталды. Олардың ішінде 1087 адам емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.