Облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша жаңа жоба іске қосылады

0 0

Әулиеата өңірінің шаруалары үшін тағы бір жаңа жоба қолға алынбақ. Бұрын мал және егін шаруашылығымен айналысатын диқандар енді жаңа техниканың игілігін көре алады. Бұл бағытта өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша жаңа жоба іске асырылады. Жаңа жоба туралы  «Тараз» ӘКК «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Қаржауов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы техникасының басым бөлігі ұзақ уақыт қолданыста болған. Көп жағдайда кәсіпкерлердің ескірген техниканы жаңартуға мүмкіндігі жоқ. Сатистикалық мәліметтерге сүйенсек облыс бойынша 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған ауыл шаруашылығы техникасының саны-3137 дана ал, 10 жылға дейін қолданыста болған 226 техника бар. Техниканың тапшылығын көріп отырған шаруашылықтың бірі Талас ауданындағы «Ермек» қожалығы. Шабындық жері, отар қойы, сүт бағытындағы сиырлары бар қожалықтың құрамында 5 трактор, шөп орағы мен пресстегіш машина бар. Бәрі де 15 жылдан бері қолданыста:

-Шаруа қожалғын ашқан кезде бір техника болмаған еді. Содан бері жыл сайын алдымен трактор одан соң қажетті құрал-жабдықтарды жинадым. Қазір олардың да тозығы жетті. Ауыстыруға мүмкіндік болмай тұр,-дейді шаруашылық жетекшісі Исабек Төленов.

Ал, жаңа іске қосылатын жоба дәл осындай қарапайым шаруаларға арналған. Басты мақсат-«TRADE IN» бағдарламасы бойынша ескі ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және қалпына келтіру болып отыр. Жоба Тараз қаласында «Агромашхолдинг» АҚ компаниясымен бірлесіп іске асырылуда.

Сондай-ақ, бұл жоба ескі техниканы жаңғыртуға тапсыру, жеңілдік сертификаттарын алу немесе тапсырылған техниканы жөндеуге, әрі қарай Отандық техниканы жеңілдетілген бағамен сатып алуға және ескі техникасын жаңартуға зор мүмкіндік болып отыр.

— Егер кәсіпкердің 2,5 млн. тұратын техникасы болса, соны мекемеге өткізеді және сол ақша бастапқы жарна болып есептеледі. Содан кейін 25% өкіметтің субсидиясы қосылады. Сонымен бастапқы төлем 5 млн. болып есептеледі. Ал, бұл жұмыс 1 айдың ішінде басталады. Өтініш, құжаттар «Атамекен» арқылы өтеді, — дейді Олжас Қаржауов.

Осы жоба аясында өңірде жыл соңына дейін 100 техника бірлігін жаңғырту жоспарлануда. Келесі жылы олардың санын 500 –ге жеткізу жоспары бар. Айта кету керек, аталмыш жоба аясында 50-ге жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.