Өңірде карантин талаптарын бұзып, жұмыс жасап жатқан нысандар анықталды

0 0

Тараз қаласында кейбір дүкендер мен дүңгіршектер, лоундж барлар карантин талаптарын бұзып, тиым салынған уақытта жұмыс істеп тұрғаны анықталды, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Кеше Тараз қаласы аумағында карантин кезінде жұмыс жасап жатқан нысандарға кезекті рейд жүргізілді. Адам өміріне қауіп төндірген індет жайлы күн сайын ескерту жасалып жатса да, қауіпсіздік шараларын елемейтіндер әлі де бар. Мұндай заңсыздықтардың жолын кесу мақсатында шаралар қабылданды.

Тараз қаласы әкімінің орынбасарлары жетекшілік еткен мобильдік топ қаладағы Қойгелді көшесінде орналасқан «Гараж» сыра дүңгіршегі, Жамбыл даңғылындағы «Мәди», Бәйдібек баба көшесі мен «Бәйтерек» (13) шағын ауданындағы азық-түлік дүкендері мен Абай даңғылындағы «Мета» бары карантин талаптарын бұзып, тыйым салынған уақытты жұмыс жасап тұрғанын анықтады.

Сондай-ақ, Сәтпаев көшесінде орналасқан «Нұралы» базарының аумағындағы дүңгіршектер де түнгі уақыттағы сауда-саттықты тоқтатпаған.

Аталған нысандар бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, олардың иелеріне айыппұл салынды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған «Мета» лоундж барында кәмелет жасына толмаған азаматтың даяшылық қызметте болғаны анықталды. Жасөспірімнің көңіл көтеру нысанында заңды өкілінің қарауынсыз жүруіне байланысты заң шеңберінде тиісті шаралар қолданды.

Айта кету керек, дәл осы аталған лоундж барға рейд жүргізу кезінде жауапкершіліктен жалтаруға тырысу әрекеттері орын алған. «Мета» өкілдерінің нысан есігін ашпауына байланысты рейд жүргізушілердің төтенше жағдай қызметінің көмегіне жүгініп, есікті бұзып ашуларына тура келді.

Өзіне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіретін мұндай заңсыздыққа төтеп беруді мақсат ететін рейдтер күнде жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.