Жамбыл облысында 214 мобильді бригада құрылды

0 0

Жамбыл облысында 214 мобилді бригада құрылды. Бұл тәулік бойы инфекциялық және провизорлық стационарлардан түсетін жүктемені төмендетуге, дерттің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді,- деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

2020 жылдың 17 шілдесі күні сағат 08:00-де мониторинг бойынша Жамбыл облысы аумағында COVID-19 ауруының 2522 жағдайы тіркелген. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші — 218,1 құрады. Тіркелген жағдайлардың ішінде симптомдары бар 1061 (42,1%), симптомдары жоқ 1461 (57,9%) науқас. 1461 адамның ішінде симптомсыз аурумен Тараз қаласында – 672, Байзақта – 102, Жамбылда – 86, Жуалыда – 46, Меркіде – 47, Қордайда – 140, Т.Рысқұловта – 38, Сарысуда – 105, Таласта – 45, Шуда – 47, Мойынқұмда – 12 оқиға тіркелді.

Республиканың басқа өңірлерінен әскерге шақырылушылар арасында 117, басқа өңірлердің тұрғындарынан 4 оқиға орын алды. Симптомдық белгілері жоқ және COVID-19 ауру ағымының жеңіл дәрежесі бар науқастарды бақылау мақсатында облыста бастапқы медициналық санитариялық көмек деңгейінде 214 мобильді бригада құрылды (Тараз қаласында – 80, аудандарда – 134 мобильді бригада), олар науқастарға мониторинг жүргізеді, полимеразды тізбекті реакция əдісімен талдауларын алады, емді тағайындайды және белгілері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, үйде стационарды ұйымдастырады. Мобильді бригадаларды құру тәулік бойы инфекциялық және провизорлық стационарлардан түсетін жүктемені едәуір төмендетуге және COVID-19 ауруының таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар басқа елдердің гуманитарлық көмегі арқасында да жеткізілуде. Біздің облысқа Катардан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Түркиядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен 45 мың жеке қорғаныс құралдар жиынтығы, 1 мың экспресс-тест, 220 литр антисептик, 11,2 мың пакет вирусқа қарсы препараттар, 235 пакет антибиотиктер және 8 мың пакет басқа да қажетті дәрілер келіп жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 685 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қазақстанда коронавирус қатысты 21 шілде сағат 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 1 685 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 75 153.

Leave A Reply

Your email address will not be published.