Қордайға Түркиядан гуманитарлық көмек келді

0 3

Бүгін Қордай ауданына Түркия елінен гуманитарлық жүк жеткізілді. Онда бір реттік қорғаныс киімдері мен жеке қорғаныш құралдары жинақталған 25 дана қорапта 450 жиынтық бар, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Гуманитарлық көмекті аудан әкімінің орынбасары Б. Жамангозов пен аудандық орталық аурухананың басшылығы қабылдап алды.

— Қордай жерінің жұртшылығы бауырлас халықтың көмегін шын көңілден ризашылықпен қабылдап, індетпен күрес кезінде жасаған көмектеріне алғыс білдіреміз, бұл көмек Түркия мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен сенімділіктің жарқын көрінісі, — деді аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов.

Өнімдер Қордай ауданындағы COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы алдыңғы шепте күресуші аудандық ораталық аурухананың дәрігерлеріне берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.