Жамбыл облысында алдағы екі жылда баламалы қуат өндіретін 4 жоба іске қосылады

0 1

Жамбыл облысы баламалы қуат көздерін пайдалануда алдыңғы орында. Бүгінде аймақтың аудандарында су, күн және жел электр станциялары іске қосылған. Жақында ғана осындай ірі жобаның бірі Шу ауданында жүзеге асырылса, қазір Талас ауданында жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысы баламалы қуат көздерінен энергия өндіруге қолайлы аймақ. Қазір өңірде «жасыл экономика» бойынша 12 нысан жұмыс істеп тұр. Оның 5-і су, 3-і жел және 4-і күн электр станциясы. Бұл жобалармен жылына 268,7 мегватт электр энергиясы өндіріледі. Сондай нысандардың бірі жақында Шу ауданында іске қосылған қуаттылығы 100 МВт/сағ. болатын «M-Kat Green» күн электр станциясы. Мұнда тәулігіне 500 МВт энергия өндіріледі. Оны келісімшартқа сәйкес «KEGOK» акционерлік қоғамы қосымша құн салығынсыз 34,61 теңге бағамен сатып алуда. Жоба құрылысына 200-ге жуық адам тартылса, ал пайдалануға берген соң 14 қызметкер техникалық қызмет көрсету және 31 адам нысанды күзету үшін тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ал Талас ауданындағы жел электр станциясының құрылысы бүгінде 70 пайызға аяқталған. Іске қосылған кезде жылына 22 мегаваттан астам электр қуатын өндіреді. Бұл бүтін бір ауданды табиғи көздерден өндірілген энергиямен тұрақты қамтуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Ол үшін 7 станцияны орнатып қойдық. Қазір жұмыстың 70 проценті бітіп тұр. Бастапқыда бұл жел электр станциясын цианид шығаратын зауыттың жанына салу жоспарланған. Алайда геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шешім өзгертілді. Мамандар желдің бағыты мен соғу уақытын зерттеп, тиімді тұсты тауып осы Көктал аумағына тоқталды,-дейді Василий Кравченко.

Талас ауданында жасыл экономиканы дамыту бағытында жалпы құны 9,2 миллиард теңгенің 5 инвест жобасы жүзеге асады деп жоспарлануда. Оның екеуі мәреге жетті. Енді екінші кезеңде жылдық қуаты 13,5 мегаватт болатын 9 қондырғы тұрғызылмақ. Бұл жұмыстарға 1,8 млрд инвестиция тартылып, 20 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, аталған құрылыс  нысаны 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.