Таразда карантин талаптарын бұзғандар жазаланды

1
145

Таразда карантиндік тыйым талаптарына қарамастан, түнгі уақытта сауда жасаған және санитарлық сақтық шараларын сақтамаған нысандар жазаланды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қалалық әкімдік, полиция және СЭС өкілдерінен құралған мониторингтік топ шаһардағы кезекті рейд жұмыстарын жүргізді. Өкінішке қарай, түн мезгіліне сауда-саттық жүргізіп жатқан азық-түлік дүкендері әлі баршылық. Олардың кейбіріне бірнеше рет ескерту жасалғаны тағы бар.⠀

Тараздағы Әйтиев, Абай, Сүлейманов, Ниетқалиев көшелерінде жүргізген бақылау жұмыстары барысында аталған аумақта карантин талабын бұзған нысан анықталмаған.

Алайда, Тәуке хан даңғылындағы бірнеше сауда нүктесі түн ауған шаққа дейін жұмыстарын жалғастыра берген. Мәселен, «Алатау» сауда-саттық кешені мен «Нұр» шағын маркеті карантин талаптарын сақтамаған. Тіпті, шағын маркет қызметкері тексеруші топты көрген бойда іште тұрған келушілерді сыртқа шығармастан дүкен есігін іштен кілттеп алған. ⠀



Сондай-ақ, карантинді елемеген дәмхана мен жылдам ас дайындайтын нүктелер де анықталды. Соның бірі – Желтоқсан көшесінде орналасқан «Маки Маки» суши дайындау орны. Мұндағы жұмысшылар сантиарлық талаптарды сақтамай ас әзірлегені және түнгі уақытта жұмыс жасағаны белгілі болды. Аталған заң бұзушылықтарды ескере отырып, нысанға қатысты тиісті шара қабылданды. ⠀


Жалпы, рейд жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар нысан иелеріне ескерту жасалып, карантин талаптарын қайталап бұзғандарға айыппұл салынды.⠀

Айта кету керек, қалада орналасқан бассейндерге де тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, Тараздағы шомылу орнының ешқайсысы жұмыс жасап тұрмағаны анықталды.

1 Пікір

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here