Жамбыл облысында азық-түлік бағасы 29% -ға көтерілген

0 2

Ағымдағы жылдың шілде айында Жамбыл облысы бойынша инфляция 104,3% және әлеуметтік тауарлар инфляциясы 105,5%-ды құрап отыр. Ал, жыл басынан азық-түліктер инфляциясы 29%-ға көтерілген. Бұған қарақұмық бағасы әсер етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Сонымен қатар,пияз бағасы 36%, сәбіз 20%, картоп 43% көтерілді. Бұл жылда маусым аралық кезеңдегі ерте пісетін өнімнің өзіндік құнына байланысты.

Алайда, өткен жылғы сәйкес кезеңмен (06.08.19ж) салыстырғанда қырыққабат бағасы 17%, пияз 27%, сәбіз 12% төмен болуда, бұл ретте тек картоп бағасы ғана 36% жоғарылаған. Оған 2018-2019 жылдары артығымен өндірілген картопқа сұраныстың төмендеуі әсер етті.

Ал бағаның өсу динамикасы өткен жылдың екінші жартысынан басталған ұн ағымдағы жылдың басынан 5%, нан, макарон, айран, күнбағыс май 1%, сарымай 10%, сиыр еті 3%, тауық еті 2% көтеріліп, инфляцияға өз әсерін тигізді.

— Тараз қаласының негізгі 12 ірі сауда орындарындағы бағаларды мониторингілейтін 4 мобильдік топ жасақталды. Аталмыш топтар аудандық деңгейде де құрылды. Баға мәліметтері күнделікті талданып, негізгі себептері анықталалған соң ақпарат бәсекелестікті қорғау департаментіне жолданды. Тұрақтандыру қорын қалыптастырудың жаңа тетіктері 2019 жылдың 7 қарашасындағы облыс әкімдігінің №248 қаулысымен қабылданып, қазіргі таңда қорға 1703 тонна тауарлар жинақталған. Оның ішінде 494 тонна қант, 1165 тонна ұн, 45 тонна күріш бар, — деді «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Жандос Жақыпов.

Қазіргі таңда, Тараз қаласының негізгі сауда орындарынан арнайы әлеуметтік сөрелер ашылып, әлеуметтік 9 дүңгіршек қызметін тұрақты атқаруда. Онда жыл басынан 703,5 тонна тауарлар нарық бағасынын 8-20% пайызға төмен бағадан өткерілген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамызынан бастап «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба әлеуметтік азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей тұтынушыға тиімді бағадан жеткізуге мүмкіндік береді. Жоспар бойынша 4621 тонна жергілікті өндірушінің тауарлары өткерілетін болады. Ол үшін тауарды сатып алатын кәсіпкерлік сүбъектілеріне 1 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие Үкімет резервтен қарастырған.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.