Жамбыл облысында егін ору науқаны аяқталды

0 1

Бүгін Жамбыл облысында диқаншылар егін ору науқанын аяқтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Өңірде қазіргі уақытта 359,2 мың гектар алқаптан 816,6 мың тонна астық алынған, өткен жылмен салыстырғанда 53,5 мың тонна өнім артық түсіп отыр. Ал, әр гектардан алынған орташа өнім 22,7 ц/га құрайды.

Облыс бойынша Меркі ауданы көш бастап тұр. Себебі, онда әр гектардан 24,4 ц/га өнім алынған. Бұдан кейін, Қордай ауданында — 24,0 ц/га, Т.Рысқұлов ауданында — 23,0 ц/га, Шу ауданында — 22,9 ц/га құрап, облыстық деңгейден жоғары көрсеткіш көрсетті.

Жалпы биылғы жылы 149,7 мың гектарға бидай, 209,5 мың гектарға арпа егіліп, егін ору науқанына 816 комбайн қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.