Жамбыл облысында 61 жаңа сүт-тауарлары фермаларын іске қосу көзделуде

0 2

Үкіметтің 2018-2027 жылдарға арналған салалық бағдарламасының  аясында Жамбыл облысында  2027 жылға дейін 61 жаңа сүт-тауарлы фермаларын кезең-кезеңімен іске қосу көзделуде. Қазір бұл бағытта ауқымды жоспар жасалып, нақты тірліктер атқарылуда,  — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күні облыста жалпы қуаты 94 мың тоннаны құрайтын сүт бағытындағы 19 қайта өңдеу кәсіпорындары бар.  Олардың ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны- 15. Мұнда шикізатты терең өңдеу арқылы дайындалған тауарлар аймақтағы дүкендер мен ірі сауда орталықтарына тасмалданады. Сапасы мен сақтау мерзімі заманауи стандарттарға сай келеді.

Алайда кәсіпорындардың жүктемесі бар болғаны 56,6% құрайды.  Мұндай төмен көрсеткіш шикізат базасының дамымауы мен сапасының төмендігі салдарынан орын алады. Себебі, сүттің 60%-дан астамы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Ал, жеке аулаларда өндірілетін сүттің сапасы көбінесе санитариялық-ветеринариялық іс-шаралары мен салқындату, тазалау секілді бастапқы өңдеу жұмыстары уақытылы жүргізілмейтіндіктен төмен болатын. Осы мәселені шешу үшін соңғы жылдары ұсақ шаруашылықтарды біріктіру арқылы сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қолға алынған болатын. Бүгінгі күні сүт өндіру мақсатында құрылған облыстағы 27 кооператив өздері өндірген 7,9 мың тонна сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізді.

Жалпы 2018 жылы республика көлемінде сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып, ұйымдастырылған шаруашылықтарда мал басының өнімділігін арттыру және өсімін молайту технологиясын жолға қою арқылы сүт өндірісін ұлғайту межеленді. Оның ішінде, ірі кешен саналатын 400 басқа арналған 12 сүт тауарлы фермалары бар.

Биылғы жылы бағдарлама аясында 5 ферманың, яғни Жуалы ауданындағы «Гамбург» ЖШС-нің 1200 басқа және «Ахмет» шаруа қожалығының 400 басқа арналған кешендері мен Байзақ ауданындағы «Сатжанова» шаруашылығының 80 бас және «Ақжар» қожалығының 70 басқа, сондай-ақ Жамбыл ауданындағы «Нұрлы Жай» шаруашылығының 60 басқа арналған сүт тауарлы фермаларының құрылысы жоспарланған. Қазір Жуалы ауданындағы ірі сүт фермасының құрылысы 80 пайызға аяқталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.