Жамбыл облысында рапс дақылы өсірілетін болады

0 7

Өңірде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру» бойынша облыстық семинар кеңес өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Шарада рапс дақылының егіс алқабында атқарылатын өндірістік агротехникалық шаралары таныстырылды. Бұдан кейін облыс әкімі сөз алды.

Биылғы жылы өңірде 239 мың гектар жерге егістік егілді. Өткен жылмен салыстырғанда 40 мың гектарға көп. Бүгін мемелекет басшысы Жолдауында егіліп жатқан егістік түрлерін өзгерту жөнінен тапсырма берді. Қазіргі таңда індетке байланысты қандай өнімге сұраныс бар және оның бағалары қандай екенін білесіздер! Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерінен алатын өнім көлемін көбейтіп, шығынды азайтуымыз керек. Негізінен элиталы репрадукцияны егу керек. Бірақ бізде 37% 4-5-ші репрадукция ал мұндай тұқымнан өнім өте нашар болады, — деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары мен қаржы және ғылыми зерттеу институттарының өкілдері, аудан басшылары мен шаруашылық жетекшілері қатысқан семинарда облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев 2021 жылдың өніміне егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының себу жоспарлары мен экономикалық тиімділігін баяндады.

Оның айтуынша, жалпы егістік көлемі 800 мың гектарды құрайды. Ал өңірде пияз көлемі көбейген.

Байзақ, Жамбыл, Шу, Қордай аудандарында пияз өнімі көбейіп кетті. Сондықтан келер жылы 40 пайызға азайту керек. Өйткені пияз суды көп қажет ететіндіктен су жетіспеушілігі орын алуда. Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек келер жылыда қуаңшылық жылы болмақ, — дейді ол.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдары рапс дақылының заманауи өсіру технологиялары мен отандық сорттары туралы сөз қозғады.

— Бұл әкелінген техналогияның бір ерекшелігі жерді жыртпайақ, соқа пайдаланбай нөлдік жүйеде егіледі. Яғни, шығын екі есе азаяды. Қазір рапстың күздігін 180 гектарға егеміз. Бұдан кейін келер жылы мамырдың аяғында өнім ала бастаймыз! — дейді Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының бас директоры Андрей Агеенко.

Жалпы рапс дақылы XIX ғасырдың ортасында Еуропада кеңінен тарап, одан өндірілген май технологияда майлау материалы ретінде қолданылып, өнеркәсіп саласын дамытқан екен.

Рапс майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік болғандықтан күздік және жаздық болып бөлінеді. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдіктің майын тағам ретінде және технологиялық мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия сияқты өндірістерде пайдаланады. Сондықтан бұл дақыл өте бағалы, әрі жоғары сұранысқа ие.

— Қазіргі уақытта келесі жылдың өнімі үшін күзгі дала жұмыстары басталуда. Сол себепті облыста нарықта сұранысы жоғары дақылдарды орналастырып, мол өнімге қол жеткізу арқылы экономикалық табысты ұлғайтуымыз керек. Осы бағытта рапс майлы дақылының әлемде сұранысы жоғары болуына байланысты күзгі дақыл ретінде себуді қолға алуды тапсырамын,- деп атап өтті жиын соңында облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.