Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

0
827

Олжабек Кенжебек Мамашбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Олжабек Кенжебек Мамашбайұлы 1960 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы дүниеге келген.

1982 ж. Қазақ химия-технология институтын, 2006 ж. «Тараз» институтын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы өндірістік оқу шебері, комсамол комитетінің хатшысы болып бастап, материалдық- техникалық жабдықтау секторының меңгерушісі, республикалық жастар ғылыми-экономикалық бірлестігінің студенттік отрядтар штабы секторының меңгерушісі, «Центр» коммерциялық фирмасының директор орынбасары болған.

Жамбыл облыстық кәсіптік –техникалық білім беру басқармасының жетекші маманы, «Центр» коммерциялық фирмасының директоры, Жамбыл қаласы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Жамбыл қаласы әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған.

Тараз қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» ХДП Тараз қалалық филиалы төрағасының м.а. төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушысы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here