Қордайлық тұрғын ауласына жүзім егіп пайда табуда

0 3

Қордайлық тұрғын ауласына жүзім егіп пайда табуда, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Еңбек етсең, емерсің. Үй маңындағы шағын шаруашылығымен-ақ, отбасын асырап, оған қоса бірталай табыс тауып отырған тұрғындар саны соңғы кезде артып келеді. Мұндай шаруасы ширақ жандар Қордай да баршылық. Алысқа ұзамай алақандай ауладан ақша тауып, тіршілік жасаудың тәсіліне ден қойған жандардың қатарында Бұлар батыр ауылының тұрғыны Айдир Санчиз есімді шаруа бар.

Айдир Санчиз осыдан бірнеше жыл бұрын ауласындағы 20 соттық жерге жүзім өсіруді қолға алған.Бастапқыда тірлігін жемістің 10 шақты түрінен бастаған.Ал қазір бақшасында 11 қатар алқапта 57 түрлі сұрыпты 400 түп жүзім,1500 тал көшет бар.

Шаруаның айтуынша жемістің әр түріне өзінің таңдаушысы да, алушысы да бар. Мысалы біздің өңірде сирек кездесетін «Лорано», «Гелиос», «Атика», «Флора» сынды сұрыптарға да жерлестерінің арасында сұраныс жоғары.Демек, өсірілген өнімді аудан нарығына өткізуде еш қиындық жоқ. Тіпті,айналадағы ағайын да алдын ала тапсырыс беріп,өнімді өздері үйден алып кететін көрінеді.

Жүзімнің 11 түрінен егіп бастадым. Өзбек, украиндық, түркімендік сұрыптар бар. Міне 3 жыл өтті. Жемісін көріп тұрсыздар-дейді ол.
Жұпар иісі аңқыған жүзім алқабындағы жұмыс бір қарағанда оңай секілді. Алайда әр түпке күтім жасау еңбекті талап ететіні анық. Шаруаға бүгінде отбасы қолғабыс етеді. Еуропалық тәсілмен қос қатарлап егілген жүзім алқабы тамшылатып суару әдісі арқылы суғарылады. Жүзімнің маусымына бес, әрі кеткенде алты мәрте суғарылатынын ескерсекзаманауи тәсіл жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді.


Жүзімді өсіріп, күтіп-баптау аса қиын жұмыс емес. Тек күтімі мен дәрумендері уақытылы берілсе болды. Уақытылы қарап тұру қажет. Күніне 2-3 сағат бақшада болсаңыз сол жеткілікті. Пісіп жетілген уақытта құстар үйір болады. Ол кезде арнайы қорғаныш қалталарды пайдаланамыз. Олар арнайы ауа өткізгіш дәкеден тігіледі — дейді Айдир.

Айта кетейік, тамшылатып суаратын құрылғының барлығын шаруа өз қолымен жасаған. Сонымен қатар, шаруа жүзім қатарларының арасына маусымына төрт рет өнім беретін «Альбион» сұрыпты және қараша айына дейін өнім беретін «Қара ханзада» сұрыпты құлпынай еккен. Бұл дақыл түрі де тамшылату әдісі арқылы суғарылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.