Тараз қаласында электронды картасы жоқ жолаушылар үшін жол ақысы 130 теңге болады

0 12

8 қазаннан бастап «TulparCard» электронды төлем карталарын алмаған жолаушылар үшін Тараздың қоғамдық көліктерінде жол жүру ақысы 130 теңге, оқушылар үшін 65 теңге болады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталған электронды картаны сатып алған жағдайда жол ақысы ересектер үшін 65 теңге, оқушылар үшін 30 теңге көлемінде болады.

Сондықтан, төменде көрсетілген мекенжай бойынша «TulparCard» электронды төлем карталарын сатып алуға болады:

 TulparCard қызмет көрсету орталығы Жайлау (3) ықшам ауданы, №21 үй, 1-қабат, Сейфуллин көшесі жағынан. Сәтпаев көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысындағы «Дәмді себет» супермаркетінен. Қант зауыты аймағы «Дәмді себет» дүкені мен Шалғай Қарасу аймағы «Дәмді себет» дүкенінен. «Бәйтерек» (13) ықшам ауданы «Дәмді себет» дүкенінен және Мыңбұлақ (9) ықшам ауданы, 26 үйдің жанындағы «Жібек жолы» аялдамасынан. Байзақ батыр көшесінің бойындағы айналым, «Темір жол» диспетчерлік пункті мен Б.Момышұлы көшесі «Қайқармет базары» аялдамасында. Рахымов көшесінің бойындағы «№1 қалалық аурухана» аялдамасы мен «Қаратау» (2) ықшам ауданы, «Сауда орталығы» аялдамасы, «Дәмді себет» дүкенінен, Б. Момышұлы көшесі, «Жансая» аялдамасына және Абай даңғылы, темір жол өткелінің арғы жағы «Дәмді себет» дүкенінен, Сейфуллин көшесі «Сейфуллин» аялдамасы мен Қазыбек би көшесі «Глобус» аялдамасынан, А.Асқаров көшесі «Әскери сауда орталығы» аялдамасынан ала аласыздар.

Барлық тиісті қосымша ақпараттарды tulparcard.kz веб-сайтынан көруге болады және ақпарат беру байланыс телефондары: 8 (7262) 34-33-44, 8 771 734 33 44.

Сонымен қатар, электронды карталарды автобус кондукторларынан да сатып алуға болады. Карта құны 500 теңге.

Айта кету керек, Тараз автобустарында электронды жол жүру билеті 28 қыркүйектен бастап іске қосылды. Осы уақыт аралығында он күн мерзімінде электронды билет сатып алмаған азаматтарға жеңілдік берілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.