Өңірде 190 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе салдырған

0 0

Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандар саны азайғанымен, ауру әлі толық жойылған жоқ. Өткен аптада облыс бойынша тәжді вируспен 16 адам ауырған. Бұл туралы білім саласының өзекті мәселелері мен коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық барысы туралы өткен жиында айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Дертке шалдыққандар Таразда, Шу, Қордай, Жамбыл және Байзақ аудандарында тіркелген. Қазір сақтық шараларын күшейту үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жиында Қырғызстанмен шектесетін аудандарға сақтық жұмыстарын күшейтіп, сырқаттарды дер кезінде оқшаулау керектігі баса айтылды. Қазір тұрғындарға екпе егу жалғасуда. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 280,8 млн теңге бөлініп, 323 748 доза екпе сатып алынды. 190 мыңға жуық азамат тұмауға қарсы екпе салдырған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.