Жамбыл облысында жаңа наубайхана іске қосылады

0 2

Жамбыл облысындағы наубайханада тәулігіне 60 мың дана нан пісіріледі. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастырған брифингте таныстырылды, деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының нарығында 8 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың бірі- нан өндіретін «Козин А.А» ЖК. Компания цехтарының сұрыптамасында «Хлебный дар» сауда маркасымен қалыпталған бірінші сұрыпты нан, багеттер, тоқаштар, кепкен нан, печенье, бәліш т.б өнімдер бар.

Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы тәулігіне 60 000 дана нан мен май өнімдерін құрап отыр. Тәулігіне 30 тонна ұн қолданылады. Қазірде мұнда 120 адам еңбек етеді, орташа айлық көлемі- 80-100 мың аралығында. Нысан иесі несие алып тағы үлкен наубайхана салып жатқанын атап өтті.

— Ағымдағы жылдың шілде айында «Даму» қорының қолдауымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық 15%-дан 90 млн теңге сомасында несие алдық, оның 9%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Ал, қалған 6%-ын өзіміз өтейміз. Алған қаражатты нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша қызметті кеңейтуге, яғни, жаңа наубайхана салуға жұмсадық. Жаңа наубайхана келер жылдың басында іске қосылады, —дейді наубайхана иесі Анатолий Александрович.

Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ағымдағы жылдың басынан бастап бизнесті жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне 115 жоба шеңберінде 4,3 млрд сомасына кепілдік түрінде қолдау көрсеткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.