Облыстық «Парасатты отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

0 50

Облыстық «Парасатты отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. 9 717 отбасының ішінен үздіктері анықталды. Бас жүлде «Парасатты отбасы» номинациясымен Жамбыл ауданы Шайқорық орта мектебінің Тәжіғұл Әбілдаевтар отбасысына бұйырды, деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жеңімпаз болып табылған отбасының отағасы Тәжіғұл Әбілдаев облыстығы ең ірі кәсіпорын «Казфосфат» ЖШС еңбек етеді. Отбасында – 4 бала тәрбиеленеді. Бауырмалдық, қайырымдылық, достық, отансүйгіштік қарым-қатынастарды қалыптастыру, бүгінгі күннің парасатты тұлғасын айқындау – отбасының негізгі ұстанымы.

Жеңімпаз отбасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т.Мамаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Әшірбаев марапаттап, бағалы сыйлық ұсынды.

Сондай – ақ, 19 отбасы 10 номинация бойынша үздіктер деп танылды.

«Үздік оқырман отбасы» Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының Руслан Бейсембаевтар отбасысы болды. Отбасында 3 бала тәрбиеленеді. Сондай-ақ, бұл номинация бойынша Жамбыл ауданы А.Макаренко атындағы орта мектебінің Жұмаділдер отбасысыда марапатталды. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Әлемнің классикалық шығармаларынан бастап, заманауи отбасы психологиясы туралы әдебиеттерді сүйіп оқитын жанұялар.

«Саяхатшы отбасы» номинациясы облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының Цой отбасысы иеленді. Отбасында 2 бала тәрбиеленеді. Алыс және жақын шетелдерге, табиғат аясына саяхат жасағанды жақсы көретін отбасы. Әлемнің 20-ға жуық мемлекеттеріне саяхат жасаған. Жамбыл ауданы Нұрлыбековтер отбасы. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді.

Сондай-ақ, «Өнерлі отбасы» номинациясын Жуалы ауданы Жаңаталап орта мектебінің Нұржан Әбілдаевтар отбасысы иеленді. Отбасында 5 бала тәрбиеленеді. Отбасының әрбір мүшесі ән салып, би билегенді жақсы көреді. Отбасы репертуарында көптеген халық әндері мен эстрадалық шығармалар бар.

Ал, «Жомарт отбасы» Меркі ауданы №39 мектеп-гимназиясының Арыстанбаевтар отбасысына бұйырды. Отбасында 11 бала тәрбиеленеді. Ауданның «Атымтай-жомарттары». Мұқтаж жандарға көмек көрсету, өнер мен білімге қамқоршы болу – отбасының ең басты ұстанымы.

«Интеллектуалды отбасы» Шу ауданы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының Жұмахандар отбасы болды. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Жанұядағы бала тәрбиесінде жан-жақты дамыған, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру арқылы қазақстандық ғылымның дамуына өз үлестерін қосу – отбасының негізгі ұстанымы болып табылады. Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының Байғонысовтар отбасы. Отбасында 5 бала тәрбиеленеді.

Сонымен қатар «Көптілді отбасы» номинациясын облыстық мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының Қабылбаевтар отбасысы иеленді. Отбасында 2 бала тәрбиеленеді. «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» деген ұстаным отбасының ең басты кредосы.

«Өндірістегі үздік отбасы» номинациясы Шу ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің Үркімбаевтар отбасысына бұйырды. Отбасыда 3 бала тәрбиеленеді. Бұл жанұяны «механизаторлар әулеті» деп атауға толық негіз бар. Себебі, атадан балаға жалғасып келе жатқан осы кәсіп саласында 50 жылға жуық үлкен абыроймен еңбек етіп келе жатқан жұмысшылар отбасы болып табылады. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің Сағымбековтар отбасысына бұйырды. Отбасында 4 бала тәрбиеленеді. Меркі ауданы №44 орта мектебінің Хамировтар отбасы. Жанұяда 4 бала тәрбиеленеді.

Бұған қоса, «Ең салауатты отбасы» номинациясы Жамбыл ауданы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектебінің Ешметовтар отбасысына бұйырды. Отбасында 5 бала тәрбиеленеді. Қазақ халқының ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан құсбегілік пен құмай тазыны баптау дәстүрлерінің жалғастырушысы. Ұлттық спорт түрлерінен әлемдік, халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Жастар мен жасөпірімдердің салауатты өмір салтын ұстанып, парасатты тұлға етіп тәрбиелеу – отбасының негізгі ұстанымы болып табылады.

«Шеберлер отбасы» номинациясы бойынша екі отбасы марапатталды. Бейсенбаевтардың отбасында — 4, Қыпшақбаевтардың отбасында — 5 бала тәрбиеленеді. Он саусағынан өнер тамған – шеберлер. Еңбек тәрбиесі арқылы жастар мен жасөспірімдерді елжандылыққа, туған өлкені қастерлеуге тәрбиелеу – отбасылардың ең басты ұстанымы болып табылады.

Сонымен қатар, «Шығармашыл отбасы» номинациясымен үш отбасы марапатталды. Құрманәлілер отбасында – 4, Есбергеновтер отбасында – 3, Момынжановтар отбасында – 3 бала тәрбиеленеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, ғылымға баулып, патриотизмге тәрбиелеу – отбасылардың негізгі ұстанымы болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.