Жамбылдықтар спорттың 15 түрімен бір мезетте шыныға алады

0 0

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылынан еңсе тіктеген әмбебап спорт кешенінің құрылысы толығымен аяқталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сметалық құны 594 млн теңгені құрайтын спорт ордасының құрылысын «Өмірзақ» ЖШС қолға алып, бір жылдан аса уақыт аралығында облысымыздағы керемет үлгідегі нысанды сапалы әрі тиянақты тәмамдады.

Бүгінде 37 азамат штаттық жұмыспен қамтылды. 150 ге жуық аудан жастары бір мезетте спортпен шұғылдана алатын кешенде ойын, бокс, күрес, жеке күш дайындығы залдары, кіші-үлкен футбол, тенис, жүгіру, баскетбол, волейбол, стритворкаут, жағажай волейболы алаңдары бар.

Құрылысы аяқталған нысанға арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ардагер спортшылармен жүздесіп, спорт – салауаттылыққа бастайдын сала екенін атап өтті.

– Әрбір ұлттың, мемлекеттің болашағы сол жердің азаматтарының біліміне, денсаулығына, мәдениетіне, тәрбиесіне байланысты. Сондықтан әрбір мемлекет осы салаларды дамыту үшін өз халқының денсаулығының жақсы болуы үшін жағдай жасайды. Соның біреуі спорт саласы. Адам не құрлым спортпен көбірек айналысса соғұрлым оның денсаулығы жақсы болады. Ұзақ өмір сүреді. Екіншіден, бір ұлтты бір ұлтқа, мемлекетті мемлекеттке таныстыратын да ол – спорт. Ауыл жастарын спортқа баулу мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Чемпиондар ауылдан шығады. Дегенмен, жас буын өкілдеріне бағыт-бағдар беретін аға-жаттықтырушылардың орны ерек, – деген Бердібек Мәшбекұлы жаңадан бой көтерген нысанның бөлме, залдарын аралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.