Тараз қаласындағы текникалар қысқы маусымға дайын

0 7

Бүгін «Жасыл ел — Тараз» ЖШС техникасының қысқа дайындығы тексерілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Тараз қаласында 1330 көше жолдары бар, оның ішінде 805 көше, 3 даңғыл, 440 бұрылыс, 40 тұйық, 42 өткел.

Жолдардың жалпы ұзындығы — 1831,3 шақырымды құрайды.  Жолдары нашар жағдайда 17 көше бар.

Ағымдағы жылы қала аумағындағы автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстары үшін жалпы жергілікті бюджет тарапынан 50 000,0 теңге қаржы қарастырылған.

«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-гі қысқы маусымда қала аумағындағы автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарында төтенше жағдайлар туындамас үшін тазалық жұмыстарын жүргізетін болады. 

Қазіргі таңда 2000 текше метр құм, 800 тонна тұз жинақталған. Бұл қор 2020 жылға жеткілікті деп жоспарлануда. 2021 жылы 1000 тонна тұз, 3000 м3 құм сатып алу үшін 13 071 450 теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылуда, — дейді «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің бас инженері Талғат Торғаев.


«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-гімен қ
ар тазалау жұмыстарына 51 бірлік техника дайындалған. Оның ішінде, 25 бірлік қар күрейтін және құм аралас тұз себетін арнайы техника, 4 тиегіш техника, 2 бірлік автогрейдер, 5 Камаз самосвалы және 3 Газ-53 самосвалы мен 2 Зил самосвалы,  5 бірлік МТЗ тракторы және 5 бірлік МК-320 тракторы бар.

Автокөлік техникаларын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-гі «Мади» жанар-жағармай құю станасымен келісімшарт жасалған (ЖК «Нуров»).

Қала көшелеріне қыс маусымында тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге 271 қоғамдық жұмысшы жұмылдырылады. Оның 144-і 11 аумақтық округтердің қоғамдық жұмысшыларыБұл қоғамдық жұмысшылар қала аумағында орналасқан аялдама және басқада қоғамдық орындарда тазалау жұмыстарын жүргізетін болады.

Қоғамдық жұмысшылар үшін қар тазалау жұмыстарына қажетті         құрал-саймандар дайындалды.

Мекемеде тәулік бойы қызмет атқаратын диспетчерлік қызмет бар. Тәулік бойы қызмет атқару үшін «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-нің базасы жұмысшылардың демалуына, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуіне, материалдық базасы мен техникалық жөндеу орталықтары талапқа сәйкестендірілген.

— Қалалық әкімдік қажетті техникамен қамтамасыз етіп отыр. Сіздердің тараптарыныздан жұмыс уақытылы және тиянақты атқарылғанын талап етеміз. Әр жұмысшының жағдайы жасалып, жалақысы уақытылы берілгені басты назарда болуы керек,- деді қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев.

Айта кетейік, қар тазалау бригадалары тәулік бойы ауысымды  кестемен «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бекіткен, кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.