Таразда жаңа шағын аудан салынады

0 0

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 14-ші шағын аудан салынады. 2021 жылы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталатын «Автобекет» аумағындағы алқапта алдағы уақытта әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Көне шаһарда бой көтеретін жаңа мөлтек аудан, «Автобекет» аумағында орналасады. Оған 100 гектар жер телімі қарастырылған. Мұнда 5 331 отбасына арналған 5 қабатты 33, 9 қабатты 27 үй және 12 көпқабатты 5 тұрғын үй салу жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады. Жалпы мұндағы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқталады.

Сонымен қатар, аталған алқапта әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының да құрылыстары жоспарланған. Атап айтсақ, мұнда әрқайсысы 1200 орынды құрайтын 2 мектеп, 180 орынды 4 балабақша, 900 орынды көпсалалы аурухана және 200 орынды онкологиялық аурухана салынады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.