Тараздықтар тұрақты дамуды қалайды

0 1

«Nur Otan» партиясының тізімі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Минура Божымбаева мен Жасұлан Бөлдеш көне шаһардың «Дорожник» иініндегі тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

«Дорожник»- облыс орталығында кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқан аумақтың бірі. Үлкен жолдың бойында орналасқандықтан, мұнда кәсіпкерлік нысандары да көптеп бой көтеруде. Сонымен қатар тұрғынүйлер де сәулеттік үлгімен салынуда.

Үміткерлер жұртшылықпен жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған нақты міндеттерге кеңінен тоқталды. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар өзгерістер күтіп тұр. Сондай-ақ тұрғындарды саяси құрылымның денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру тұрғысындағы тың бастамалары қызықтырып отыр.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылым желісінің кеңейуі мен қол жетімділігін арттыруға айрықша басымдық беруде. Бұл үшін партия Тәуке хан көшесі бойындағы «Байтерек» мөлтек ауданында «Мұз Сарайы», жеңіл атлетика манежі және Теннис кортының, бұдан басқа 2022 жылға 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, 2025 жылға 25 спорттық алаңының құрылысын жүргізуге, 2023 жылға 30 стрит-воркаут алаңдарын орналастыруға, әр жылда 250-ден кем емес жаппай спорттық іс-шара өткізуге ықпал етуді көздеуде. Бұл жұмыстар әрине, жаппай спорт түрлерін дамытуға, тұрғындарды қамтуға, дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың санын 30% — дан 36%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Кандидаттармен кездесу кезінде көпшілік көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарға қанықты.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының сайлау қорынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.