“Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

0 19

Дауыл Бейсенқұлов “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Дауыл Ынтықбайұлы 1975 жылы дүниеге келген.

1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик», 2015 жылы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999-2000 жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші   маманы қызметінен бастаған.

2000-2005 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы қызметін атқарған.

2005-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.

2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.

2019 жылғы 4 мамырынан бастап осы күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы қызметін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.