Жамбыл облысындағы Аспара ауылында бір де бір адам короновирусқа шалдықпаған

0 10

Пандемия басталғалы бері Меркі ауданындағы Аспара ауылдық округінде бірде-бір адам коронавирусқа шалдықпаған. Бұл дерек облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың ауданға барған сапарында белгілі болды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі Aikyn.kz — ке сілтеме жасап.

Облыс әкімі ауылдық округ әкімі Гаухар Оспанбекованың 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған міндеттері туралы есебін тыңдады.

Аспара ауылдық округінің құрамына кіретін Аспара, Қайыңдысай және Құмарық елді мекендерінде 1,6 мың адам тұрады. Округ бюджеті – 50 миллион теңгеден кем емес десек, 99,9 пайызға игерілген. Ондағы 37 шаруа қожалығындағы жалпы егістік жер көлемі 11,2 мың гектарды құрайды десек, олар дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде өсірумен айналысады. Сондай-ақ, Аспара 1 және Аспара 3 каналдары кеуіп кетеді. Үш ауылдың екеуінде де ауыз су мәселесі өзекті болып тұр.

— Ағымдағы жылға арналған жоспарда ең алдымен – ауыз су мәселесін шешу жайы қарастырылған. Әрине, қаражаттың мүмкіншілігі ескерілген. Сондай-ақ, көшелерді жөндеу, Қайыңдысай ауылында футбол алаңын салу, Аспара ауылында 150 орындық жаңа мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындау, абаттандыру жұмыстары қаралған, — дейді округ әкімі.

Есеп беру кезініде Гаухар Оспанбекова пандемия кезінде ауылда коронавирусты жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмегенін айтты.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындарды өзі және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

— Қазір той-тойлайтын уақыт емес. Вируспен күрес әлі аяқталмағандықтан, мерекелік шараларды шегере тұру керек. Инфекция жұқтыру жағдайлары біздің өңірде баяу болса да, өсіп келеді. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау маңызды, — деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.