Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды

0 0

Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік  инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов бүгін облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мен Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшыларын қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қабылдау барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын баяндап, агросалада атқарылатын алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Ал, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрби Жігітеков облыста жыл сайын шегірткемен күрес жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп жатқандығын және биылғы жылы бұл жұмыстарға сақадай сай екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, «Талас-Аса» КМК басшысының орынбасары Мақсат Жұматов өткен жылы су шаруашылығы жүйелеріне жүргізілген механикалық тазалау жұмыстарымен таныстырып, биылғы жылғы жоспарларын баяндады.

Өз кезегінде Ғабидолла Абдоллаұлы атқарылатын шараларды тұрақты бақылауда ұстап, жүйелі жұмыс жүргізу керектігін тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.