Саяси кеңесінің бюросы Жол картасын бекітті

0 0

Жамбыл облысының әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Отырыс күнтәртібіне «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасын бекіту мәселесі қойылды.

Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің шешімімен  Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасы бекітілді.

Жол картасы  Саяси кеңесі Бюросына дейін «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысында талқыланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.