Екпенің екінші кезеңі үшін «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы Жамбылға жеткізілді

0 0

Жамбылда вакциналаудың 1-ші кезеңі бойынша 850 медицина қызметкері ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1-компонентімен егілді. Олар осы аралықта екінші рет, яғни 21 күннен кейін «Спутник V» вакцинасының 2 компонентінің екінші дозасын алды. Мақсат — вакциналанған адамның ағзасындағы қорғаныш антиденелерінің санын көбейту және иммунитетті бекіту. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында
облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Аймақтың бас дәрігерінің айтуынша, вакцинадан кейін адамдардан асқынулар байқалмаған. Ал 2 наурызда Қарағанды фарм зауыты базасында өндірілген «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы Шымкент қаласынан Жамбылға жеткізілді. Қазір аталған преператтар вакциналаудың 2 кезеңін өткізу үшін Денсаулық сақтау басқармасының қоймасында тұр. Жалпы екпенің 2-ші кезеңінде вакцина жалпы білім беретін мектептердің, бірінші кезекте бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне салынады. Алғашқы кезеңнен тыс қалған медицина қызметкерлері мен педагогтер де қамтылатын болады.

Вакцинаның түсуіне қарай вакцинацияның үшінші кезеңінде студенттер, білім беру мекемелерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, құзырлы құрылымдарын қалған барлық қызметкерлері, сондай-ақ, халық санағымен айналысатын қызметкерлер және созылмалы аурулары бар адамдар егіледі.

«Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың 1 және 2 кезеңін өткізу үшін облыста 20 емдеу мекемелері, оның ішінде Тараз қаласының №9, Шу қаласының және облыстың 10 аудандық емханалары жұмыс істейді. Барлық жұмылдырылған емханаларда егу жұмыстарын жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады» — деді, Ә. Қалиев.

Айта кету керек, жоспар бойынша Жамбылда ағымдағы жылы вакцинаның түсуіне қарай 18 жастан асқан 593 700 адам вакцина алады. Бұл – облыс халқының жалпы санының 52%-ы деген сөз. Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарланып отыр.

#ӨКҚ
#РСК

Leave A Reply

Your email address will not be published.