Жамбыл облысында «Асар» оңалту-сауықтыру орталығы ашылды

0 41

Тараз қаласындағы Мамыр саябағында «Асар» оңалту-сауықтыру орталығы ашылды. Бұл орталық кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған. Онда мүмкіндігі шектеулі ересек адамдар кәсіби білім алып, өз кәсібін ашуына мүмкіндіктері бар, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Асар» оңалту-сауықтыру кешенінің директоры Руслан Төлегеновтің айтуынша, жаңа кешеннің жалпы ауданы 0,9 гектар аумақты алып жатыр. Ал ашылып отырған екі ғимарат 200 шаршы метр алаңда орналасқан. Орталық бір мезгілде 60 келушіге қызмет көрсете алады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі ересек адамдарды оқытып мамандық алып, өз кәсібін ашуына барлық мүмкіндік қарастырылған.

Сондай-ақ, тірек іс-қимылында ақауы бар балаларға да медициналық көмек те көрсетіледі. Ол үшін орталықта 30 кабинет, 8 шеберхана арнайы тігін машиналары, лазер, тоқу, фрезер, ұнтақтағыш, бұрғылау станогтарымен басқа да оқу жиһаздарымен жəне сауықтыру шараларына арналған құрал-жабдықтар соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталып, 51 адам жұмыспен қамтылған.

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мақсатында ашылған бұл кешеннің басты демеушісі «Айқын МСБ» ЖШС.

Мекеме директоры «Қос оқу корпусынан тұратын оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтар бір кəсіпті меңгеріп, жеке кəсібін ашуға мүмкіндік алса, екінші нысанда балалар ем қабылдайтын болады.

— Індетке қарамай қаламызда демеушілердің күшімен осындай орталық бой көтергендіктен де біз оған еліміздің игі дәстүрі жалғасын тапсын деген ниетпен «Асар» деп ат қойдық, — деді ол.

Аталған орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа қатысқан болатын.

— Өткен жылы осында оңалту-сауықтыру орталығын ашамыз деп уəде берген едік. Сол уәдеде тұрып, биыл демеушілердің күшімен ойға алған жоспарымызды жүзеге асырдық. Енді орталық жанынан атпен емдейтін импотерепия орталығын салу көзделуде. Бірінші кезекте осы орталықты салуға, жабдықтауға қолдау көрсеткен демеушілерге рақмет айтамын. Өзі мүмкіндігі шектеулі азамат болса да, қоғам өміріне араласып, өзі сияқты азаматтардың өтінішін жеткізіп, осындай орталық салуға бастамашы болған мекеме директоры Руслан Төлегеновке де алғысымды жеткізгім келеді. Енді орталыққа келушілер жәй ғана емделіп қана қоймай, мамандық алып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алады. Аймақта осындай оңалту орталықтарын салу арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өз кәсібін ашуға көмек көрсете алсақ, онда біз азаматтық парызымызды орындаған боламыз, — деді аймақ басшысы.

Инватакси бөлімінің басшысы Севара Нұрматованың айтуынша, оның қарамағында 6 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетеді екен. Бұл қызметті бес жүзге жуық қала тұрғыны алады. Жұмыс істейтіндерді жұмысқа апарып əкелсе, емханалар мен ауруханаларға баратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватакси бөліміне алдын ала хабарласып, кезекке жазылады екен.

Ата-аналармен сөйлескен аймақ басшысы «Мұндай оңалту-сауықтыру орталықтарын аймақта көбейту керек. Тірек іс-қимылында ақауы бар балалар қоғамнан оқшауланып, үйде жатпауы тиіс. Олар оңалту орталығына келіп ем қабылдаса тез сауығып қатарларына қосылып кетеді. Биыл ат импотерапиясын іске қоссақ деген жоспарымыз ба. Оның қасынан монша саламыз. Қазір мекемені аралап шыққандағы мені қайран қалдырғаны мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс істеуге деген құлшынысы қуантады, — дейді Бердібек Машбекұлы.

Осыдан кейін аймақ басшысы болашақ оңалту кешені жанынан салынатын импотерапия кешенінің ірге тасының капсуласын орнатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.