Жамбыл облысында 2 аңшылық атыс қаруы тәркіленді

0 17

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 9 бабына және мүдделі министрліктер тарапынан бекітілген «Аң аулау қағидаларына» сәйкес 2021 жылдың наурыз айында көктемгі аңшылық маусымының ашылуына байланысты қасакөйлікке қарсы 6 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 382 бабының 1 — тармағы бойынша 10 хаттама толтырылып, 2 аңшылық атыс қаруы тәркіленді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Облыстық жануарлар дүниесі аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бекжан Жұмағұловтың айтуынша, жалпы облысымызда барлығы 58 аңшылық алқабы бар. Оның 44- і 27 табиғат пайдаланушы иелігіне бекітіліп берілген, жер көлемі 1,9 миллион гектарды құрайды. Ал аумағы 583,6 мың гектарлық 14 аңшылық шаруашылығы резервтік қор есебіне алынған.

Өңіріміздің аңшылық алқаптарындағы аң-құстардың белгіленген заң аясында 17 түрін ғана аулауға рұқсат етілген. Оның ішіне тұяқтылардан қабан, елік, тау ешкісі, терісі бағалы аңдардан – түлкі, қарсақ, қоян, ондатра, суыр, борсық, қанаттылардан – үйрек, қаз, жылқышы, қырғауыл, кекілік, бөдене, кептер,ұлар, қасқалдақ құстары кіреді.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 9 бабына және мүдделі министрліктер тарапынан бекітілген «Аң аулау қағидаларына» сәйкес 2021 жылдың наурыз айында көктемгі аңшылық маусымының ашылуына байланысты қасакөйлікке қарсы 6 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 382 бабының 1 — тармағы бойынша 10 хаттама толтырылып, 2 аңшылық атыс қаруы тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.