Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бірнеше құрылыс нысандарын аралады

0 1

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек Тұрар Рысқұлов ауданына іс-сапармен барып, ауылдардағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ұлан Еркінұлы алдымен Әбжапар ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салу және Құмарық ауылындағы ауыз су жүйесі құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс басында аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбеков қарсы алып, бүгінде жұмыстар жоспарға сай атқарылып жатқанын баяндады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен облыс әкімінің орынбасары жұмыстың сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөліп, жауапты жұмыстың нәтижелі аяқталуына мән беру қажеттігін баса айтты.

Осыдан кейін Ұлан Жазылбек құрылысы қарқынды жүріп жатқан Д.Қонаев – Әбілқайыр ауылдарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстарын көріп,зер салды. Құрылыс алаңында мердігерлермен кездесіп, олардың алдында өте жауапты іс тұрғанын ескертті. Себебі, мердігер ұйымдарға жұмыстарды ағымдағы жылдың 1 қазанына, яғни жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқтау міндеттелген.

Осы күні Ұлан Еркінұлы Құлан ауылында бой көтерген көпқабатты «Арай» тұрғын үй алқабында салынып жатқан 80 пәтерлі тұрғын үйлердің және осы тұрғын үй кешенінің кәріз коллекторының құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерлермен кездесіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма жүктеді.
Өңір басшысының орынбасары сапарының соңында алгоритмге сай аудан орталығында орналасқан М.Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу және Құлан ауылындағы орталық су іркуіш ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, жай-күйін бағамдады. Мердігер компания өкілдерімен тілдесіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқанын көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.