Жамбыл облысындағы ХҚКО-тары сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді

0 4

ZHAMBYLNEWS — Жамбыл облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, Халыққа қызмет көрсету КЕЗЕКШІ бөлімі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы №37 қаулысына Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің түсіндірме хатына сәйкес, короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері (ХҚКО) дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00 — ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды, сенбі және жексенбі күндері — демалыс.

Сонымен қатар, клиенттердің жұмыс күндері кешкі уақытта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, а.ж. 7 қыркүйегінен бастап, Қолбасшы Қойгелді батыр көшесі, 158 А мекен-жайында орналасқан Тараз қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету КЕЗЕКШІ бөлімі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09: 00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.