Қаракемер ауылы — байланыста

0 6

Қаракемер ауылында байланыс операторының мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Ауыл азаматтары аудан әкімі Сәкен Арубаевтың қабылдауында, есептік кездесулерінде осы сауалды ылғи көтеріп, шешілу жолдарына ықпал етуін өтінген болатын. Бүгінде ауылға Beeline, Activ, Kcell, Tele 2 байланыс операторын орналастыру жұмыстары қарқын алды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Қаракемерліктердің қынжылатындайы бар. Аудан орталығынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекеннің әлем арнасына ілесе алмауы жергілікті жұртшылықтың шынбайына тиген. Енді жуық күндері жұмыстар мәресіне жетер болса, қаракемерліктер жылдам интернеттің (4G) қызығын көретін болады.

— Тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру жергілікті билік өкілдерінің – міндеті. Ауылға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында өткен жылы газ құбыры тартылып, халықтың қажетіне берілсе, жаңадан салынған 90 орынды ауылдық клуб ауыл ажарын келтіріп-ақ тұр. Ал ұялы телефонмен байланыс қиынның-қиыны болатын. Қауырт орындалуы қажет құжаттар сымсыз байланыстың салдарынан жергілікті мекенжайға уақытылы жіберілмей әбігерге салып келді. Бұл қиындық мектепте де байқалғанын несін жасырамыз. Қазіргі таңда мұның бәрі артта қалды. Ауылдың екі басынан жер телімін қарастырдық. Бүгінде тиісті компания өкілдері биіктігі 22 метрді құрайтын мұнараға байланыс операторларын орнатуда, – дейді ауыл әкімі Жәнібек Әуелбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.