ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Төлен Әбдік, жазушы: Әдебиеттің басты мұраты - адам жанын тазарту!

Төлен Әбдік, жазушы: Әдебиеттің басты мұраты - адам жанын тазарту!

 Біздің үй Жастар театрының жанында болатын. Бір күні кешке таман үйге келе жатсам, кинорежиссер Тәуекелов Сламбек әйелі екеуі театрдан шыққан беті екен, қарсы ұшырасып қалды. Сол күні «Біз үшеу едік» қойылыпты. «Төке, сіздің пьесаңызды көріп, кір жуғыш машинадан шыққандай тазарып келе жатырмыз» деді. Жүрегіме әлгі сөз кәдімгідей әсер еткені… Біраз уақыт есімнен кетпей қойды. Егер шығармаң адамды «кір жуғыш машинадан шыққандай» тазартатын болса, авторға одан артық қандай бақыт керек! Әдебиеттің басты мұраты да – адам жанын тазарту ғой!

 

Пікір: 0
Пікір қосу