ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Мектептердi жазғы демалыс және даму орталықтары ретiнде пайдалану керек – Сағадиев

Мектептердi жазғы демалыс және даму орталықтары ретiнде пайдалану керек – Сағадиев

 

Бүгiн Үкімет отырысында каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру мәселесi қаралды. Аталған тақырып бойынша ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биылғы жылы дарынды балалар мен әлеуметтiк осал топтағы отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру үшiн жергiлiктi бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлiндi. Биыл лагерьлерде балалардың 85 пайызын немесе әлеуметтiк осал отбасылардан 429 мың баланы сауықтырумен қамту көзделген. Өткен жылы көрсеткiш 65 пайызды құраған болатын. Сондай-ақ, бiзде жақсы резервтер бар. Ең үлкен резерв - мектеп жанындағы лагерьлер. Яғни, мектептердi жазғы демалыс және балалардың дамуын ұйымдастыру орталықтары ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Бүгiнгi күнi балалар мектеп жанындағы лагерьлерде ұзағанда 10 күн ғана бола алады, ал олардың каникулы 90 күндi құрайды. Бiзге тағы не қажет? Бiзге жаз бойы оқушыларды мектептегi салалық, спорттық, тiл лагерьлерiмен қамту керек. Қажеттi алаңдар, тәжiрибелi мамандар, студенттер, ерiктiлер, бос кабинеттер мен залдар бiзде бар. Дегенмен, осындай қызметтi қамтамасыз ету үшiн нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер енгiзу қажет. Яғни, бұл жұмысты реттеу керек. Қамқоршылық кеңестiң бақылауымен жазғы демалысты ұйымдастыру үшiн мектепке оқу орнының мүлкiн өз еркiмен басқару құқығын беру керек. Алдағы уақытта балалардың демалыспен қамтылуын ұлғайту мақсатында жедел шаралар қабылдау үшiн Бiлiм туралы заңға өзгерiстер енгiземiз», - дедi министр.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет отырысында Ерлан Сағадиев жазғы каникул кезiнде 1 млн 655 мың бала, оқушылардың 61 пайызы лагерьмен қамтылатынын айтты.

Пікір: 1
Пікір қосу