ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жуалылық жеке кәсіпкерлер бюджетке 112 млн. теңгеден аса салық төледі

Жуалылық жеке кәсіпкерлер бюджетке 112 млн. теңгеден аса салық төледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов осылай деп мәлімдеді.
2016 жылдың 9 айында жеке кәсіпкерлік саласы бойынша 1 млрд. 937 млн. 141 мың теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалып бюджетке 112 млн. 836 мың теңге салық төленді. Жалпы тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 3646, немесе 98,5 пайыз жұмыс істейді.
Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытымен субсидияланатын  несие алу және инфрақұрылым жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінен ұсынылған 13 жоба қатысып, 8 кәсіпкер нәтижелі жұмыстар атқарып аймақтық үйлестіру кеңесінің оң шешімін алып, 269,0 млн. теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде. 

Пікір: 0
Пікір қосу