ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жуалы ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 1836 бас мал сатып алынды

Жуалы ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 1836 бас мал сатып алынды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов мәлімдеді.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2016жылдың  қаңтар-қыркүйек айларында 24 бас асыл тұқымды МІҚ малы сатып алынып, 3,6 млн. теңге, 8 бас жылқыға 320,0 мың теңге, 2920,7 тонна сүтке 15,0 млн. теңге, 1,57 тонна сиыр етіне 4,7 млн. теңге, 12,5 тонна қой етіне 1,2 млн. теңге,  мал бордақылау алаңына өткізілген  629 бас МІҚ -15,0 млн. теңге, барлығы 39,8  млн. теңге субсидия төленіп отыр
Сыбаға бағдарламасы 40,1 млн. теңгеге 243 бас мүйізді ірі қара, Құлан бағдарламасы бойынша 68,0 млн. теңге несие алып, 248 бас  жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша     34,6 млн. теңгеге 1345 бас қой сатып алды.                                               

Пікір: 0
Пікір қосу