ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жуалы ауданында 5 автомобиль және 7 көше жолы қайта жаңғыртылды

Жуалы ауданында 5 автомобиль және 7 көше жолы қайта жаңғыртылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов мәлімдеді.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2016 жылға аудандық маңызы бар және ауыл ішілік автомобиль жолдарын орта, ағымды жөндеуден өткізуге және жолдарды күтіп-ұстауға  аудандық бюджеттен 192 750,0 мың теңге облыстық бюджеттен 30 228,0 мың теңге қаржы қарастырылған.
Сондай-ақ, 13,12 шақырым ауыл аралық 5 автомобиль жолын және 7,9 шақырым 7 көше жолын орта жөндеуден өткізуге жоспарланған жұмыстар толығымен аяқталды.

Пікір: 0
Пікір қосу