ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында "Taraz Invest – AgroChemical Day 2016" халықаралық форумы өтті

Жамбыл облысында "Taraz Invest – AgroChemical Day 2016" халықаралық форумы өтті

2016 жылдың 25 қарашасында Тараз қаласында агрохимиялық саланы дамыту мен инвестиция тарту сұрақтарына арналған «Taraz Invest – AgroChemical Day 2016» аймақтық инвестициялық форумы өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Форумның ұйымдастырушылары Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС.
Шараға қатысушылардың қатарында – агрохимиялық саланың кәсіпқойлары мен сарапшылары, шекара бойындағы мемлекеттердің кәсіпкерлер делегациясы, мемлекеттік органдар мен шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері болды. Шара аясында саланы жан-жақты қарастырған инвесторлар инвестиция салудың жолдарын қарастырып, үлкен қызығушылық танытты.
Форум шымылдығын Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев ашты. Құрметті қонақтар мен белсенді қатысушылар ретінде көрші облыс әкімдері мен бауырас қалалар басшылары, Қытай Халық Республикасының Бас консулы Чжан Вэй сөз салды.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев: «Жыл сайын Жамбыл облысы индустриялық әлеуетін арттырып келеді, жергілікті өндірісті дамытуда инвестицияны тарту үшін қолайлы климат құрылады. «Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» халықаралық инвестициялық форумын өткізу өнеркәсіптік және химиялық-технологиялық өндіріс саласындағы әріптестік қатынасты нығайтуға тағы бір қадам болуы мүмкін» екенін атап өтті.
Жамбыл облысы табиғи жерлерге бай, бұл жерде фосфорит, плавиктік шпат, уран, бағалы және түрлі-түсті металдар, көмір және табиғи газ, сондай-ақ тұз шығарылады. Аймақтың агрохимиялық өнеркәсібінің флагманы  Қазақстан Республикасына фосфор өнеркәсібін көрсететін «Қазфосфат» ЖШС болып табылады. Кәсіпорын 1999 жылы құрылған және қала құраушы болып табылады, сонымен қатар ТМД елдерінің аумағында фосфорлы өнім өндірушілер арасында көш бастап тұр.
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – шағын және орта бизнес субъектілері мен бизнесмендер үшін аймақтың инвестициялық тартымдылығын көрсету. Сондай-ақ Жамбыл облысының агрохимиялық саласын дамыту үшін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған, агрохимиялық сектор кәсіпорындарының жұмысы үшін барлық өндіруші инфррақұрылым құрылған. Арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін жеңілдетілген салықтық режим көрсетіледі.
«Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма басшысы Жеңіс Өсербай елдегі агрохимиялық саланың даму қарқыны жайлы айтты. Сонымен қатар, елдегі агрохимиялық тағамдардың базалық өндірісін құруға бағытталған жобаларды жүзеге асырумен, аймақтың агрохимиялық салада көшбасшы болуына рұқсат беретін және шағын мен орта кәсіпкерліктің дамуы үшін игілікті база «Біріккен химиялық компания» ЖШС қызметін атап өтті.
Мысалы үшін АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағында бірінші қосылған «Тараз химиялық паркі» кәсіпорыны агрохимиялық өнім өндірісі бойынша қатысушылар «Хим-плюс» ЖШС бизнес-кейсін қарастырды. Кәсіпорын «Глифосат өндірісі», «Күйдіргіш сода өндірісі» және «Треххлористік фосфор өндірісі» жобаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылған.
Қатысушыларға қазақстандық даму институттары көрсететін мемлекеттік қолдау шаралары жайында сөз қозғалды: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорт пен инвестиция бойынша ұлттық агенттік «KAZNEX INVEST», технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік, Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы және басқалары.  
Қаржыландыруды тартудың механизмдері жайында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарушы директоры Саясат Нұрбек айтып берді.
Халықаралық инвестициялық форум аясында Жамбыл облысында жаңа өндіріс ошақтары мен жаңа жұмыс орындарының құрылуына жағдай жасайтын меморандум түрінде бірқатар құжаттарға қол қойылды:
1.      Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасында;
2.      Химиялық және агохимиялық өнеркәсіпті дамыту бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС арасында;
3.      Тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Аурумдойчланд АГ» ЖШС арасында;
4.      «Бурное-2» СЭС құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Бурное Солар 2» ЖШС арасында;
5.      50 мың га аумаққа дейін қант қызылшасын өндіру мен қант шығару зауытының құрылысы бойынша Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Asyl Zher Company» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды.
Инвестициялық форумның нәтижесінде жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын, 12 меморандум мен келісімдерге қол қойылды.
Форум бағдарламасында инновациялық ғылыми химиялық жобалар таныстырылымынан бөлек «Агроөнеркәсіптік комплекс саласындағы халықаралық ынтымақтастық», «Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында кеңейтілген талқылау өткен панелдік сессиялар ұйымдастырылды. 
«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» аясында қатысушылар «БХК» ЖШС, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорт және инвестиция бойынша «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі, технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі, Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік серіктестік орталығы және жергілікті мағынадағы NADLoC дамыту бойынша Ұлттық агенттік өкілдерінен мәлімет алған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысы құрылған.
«Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016» Жамбыл облысы мен «Тараз химиялық паркі» АЭА аясында агрохимиялық саланы дамытуға арналған «БХК» ЖШС-ның бірінші аймақтық шарасы болды.

Пікір: 0
Пікір қосу