ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Биыл Шу ауданында 2015 жылмен салыстырғанда 30408 тонна артық көкөніс алынды

Биыл Шу ауданында 2015 жылмен салыстырғанда 30408 тонна артық көкөніс алынды

Шу ауданындағы егін орағының қорытындысы бойынша жиналған дәнді дақылдардың жалпы түсімі 77196 тонна, оның ішінде күздік бидай 36744 тонна, жаздық арпа 33247 тонна, күздік бидай түсімі әр гектарға 26,2 ц/га, ал 2015ж-17,6 ц/га болған, жаздық арпа 25,2 ц/га, 2015 ж-18,2ц/га айналды.
Майлы дақыл мақсарыдан әр гектарынан 6,8 ц/га (2015 ж-4,3ц/га) өнім алынып, жалпы түсім 7837 тоннаны құрады.
20240 тонна картоп алынып әр гектарға 230 центнерден айналды. Көкөніс дақылдарынан 208794 тонна өнім алынып өткен жылмен салыстырғанда 30408 тоннаға  артық алынды.
Аудан бойынша себілген көкөніс дақылдарының ішінде тамшылатып суғару бойынша егілгені 393 га пияз, тамшылатын суғару бойынша 8 – шаруа қожалығы әр гектарынан орташа 800 ц/га өнім алды, яғни 80 тоннадан айналды, барлық түскен түсім 31440 тоннаны құрады.   

Пікір: 0
Пікір қосу