ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында сертификат беру және рәсімдеу кезінде заң бұзушылық анықталған

Жамбыл облысында сертификат беру және рәсімдеу кезінде заң бұзушылық анықталған

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Меирхан Сатыбалдин брифинг өткізді.

 Оның мәліметінше, Департаменттің тағы бір міндеттерінің бірі – аккредиттелген сәйкестікті растау органдарының жұмыстарына бақылау жүргізу.

            2016 жылы «ҰССО» ЖФ АҚ қатысты 3 тексеріс жүргізілді (2 жоспардан тыс және 1ішінара). Жоспардан тыс тексеріс қорытындысы бойынша мемлекеттік органның 2 өтініші негізінде жоспардан тыс тексеріс қорытындысы бойынша жасалған цемент тауарларына берілген сәйкестік сертификатын беру және рәсімдеу кезінде құқық бұзушылық анықталған.

            Ішінара тексеріс жүргізу барысында 12 жиһаз өнімдерінің сәйкестендіру декларациясы және 5  арпа өнімін сәйкестендіру декларациясы бойынша негізсіз тіркелгендігі анықталды. 

            Тексеріс қорытындысы бойынша 2 эксперт аудиторге әкімшілік айыппұл және эксперт аудиторлардың сертификаттары тоқтатылды. Бұл дегеніміз, аталған эксперт аудиторлар 6 ай мерзімінде сәйкестікті растау саласындағы жұмысымен айналысу құқығынан айыру. 

Сондай-ақ, ҚР Президентінің Ұлт жоспары – 100 нақты қадам 5 институционалдық реформасына байланысты кәсіпкерлерге қолдау және оның өркендеуіне үлкен мән берілетін болғандықтан, Департамент техникалық реттеу және метрология саласындағы жұмыстарын БАҚ өкілдері арқылы да жүргізуде.

            Осы тарапта Департамент Жамбыл облысында «Нұр Отан» партиясының филиалымен, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ арасында меморандумға қол қойылған.

Аталған меморандум техникалық реттеу және метрлогия жүйесінде нәтижелі жұмыс атқару үшін тәжірибе алмасу негізінде және де болашақ кадрларды дайындау мақсатында жасалған. 

            Осы бағытта техникалық регламенттер мен стандардың талаптарын түсіндіру мақсатында біздің мамандар мен РММ КазСтИн Жамбыл облысы филиалымен 27 кәсіпорындарда дөңгелек үстел өткізілді.

            Шу ауданында орналасқан «Тараз химиялық саябағы» құрылыс жұмыстарын бастау үшін мониторинг жүргізілген болатын. 

            Бұл жоба «Тараз химиялық саябағы» арнайы экономикалық аумағында интеграциялық химиялық жинағын салу негізінде құрылған.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін бәсекеге қабілетті ортаны құру болып табылады.

Осы орайда, Тараз қаласында жыл сайын Жамбыл облысы кәсіпкерлік палатасының төрағалығымен өңірлік «Қазақстанның ең үздік тауары» атты конкурс-көремесі өткізіледі.  Эксперттік топтың мүшесі ретінде, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің бұл конкурс-көрмесінің маңыздылығын ескеретіндігін және  белсенді қатысатынын айта кеткім келіп отыр.

            2016 жылы конкурсқа қатысуға 72 кәсіпорын 3 номинацияда өтініш білдірген болатын:

            - «Өндірістегі ең үздік тауарлар»

            - «Халыққа арналған ең үздік тауарлар»

            - «Ең үздік азық-түлік тауарлары»

            Кәсіпкерлерге, конкурсқа қатысушыларға, конкурс жүлдесіне ілінбеген конкурсқа қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат берілді, - деп мәлімдеді департамент басшысы.

 

Пікір: 0
Пікір қосу