ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » 10 сәуірде Жамбыл облысында жылыту маусымы тоқтатылады

10 сәуірде Жамбыл облысында жылыту маусымы тоқтатылады

Жамбыл облысы әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың қатысуымен 2016 – 2017 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы және көктемгі екі айлық абаттандыру жұмыстарының барысы туралы штаб отырысы өтті. Бұл жайында «ZhambylNews»  ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Әубәкірұлының айтуынша жыл бойына жоспарланған негізгі жылыту маусымының 165 күні өтіп кеткен. Яғни, 1 сәуірде тоқтатылуы тиіс жылыту маусымы күн райының әлі де суықтығына байланысты 10 сәуірге ауыстырылған. Ол үшін арнайы облыс бюджетінен қосымша 20 млн.теңге бөлінген.

Аталған штаб отырысында облысымыздағы жылыту маусымының тоқтатылу уақыты, жаз айында Тараз қаласы тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету сынды маңызды сауалдар көтерілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда облыста абаттандыру, көгеріштендіру  екі айлығының бір айлық қорытындысы баяндалды.

 

Дереккөз: «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу