ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бүгін Тараздықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде

Бүгін Тараздықтар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде

       Бүгін Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Облыс әкімі К.Көкрекбаев салтанатты мерекеде Тараз жұртын бірлік күнімен құттықтады.

  •  - Қадірменді көпшілік!Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Мамыр мерекесі айрықша мағынада өтіп отыр. Өйткені, еліміз үшін ерекше жыл – Қазақстанның Үшінші жаңғыруына аяқ бастық. Сондықтан, барша жамбылдықтарды жаңа дәуірдегі жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруға, туған жердің төсінде, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға аянбай еңбек етуге шақырамын, - деді.

Көне-Тараз тарихи-мәдени орталығындағы мерекелік іс-шарада  этномәдени бірлестіктердің, облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламалары мен түрлі тақырыптық театрландырылған қойылымдар сондай-ақ Ж.Жабаев ескерткішінің сол жағында 12 шатыр тігіліп, түрлі ұлт өкілдерінің мерекелік бағдарламалары тұрғындар назарына ұсынылды.

 

Орталықтың батыс жағында түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ойындары, атап айтқанда: асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі, дойбы, шахмат, арқан тарту, гір көтеру, қой көтеру, қант пен ұн қаптарын көтеру, жауынгерік каратэ сынды ойын түрлерінен жарыстар өткізілді.  «Лавка сладостей» атты түрлі ұлт өкілдерінің тәтті тағамдары мен  қолөнер шеберлерінің көрмесі, «Ән қанатында» атты алаңында ән айтушылар үшін «караоке» ұйымдастырылды.

 

«Достық үйі» ғимаратының алдында да «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Ол жерде ұлттық ойындар, спорттық эстафета және ең үздік құттықтау мен ұлттық би сайыстары болды.

 

Дереккөз:  «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

Пікір: 0
Пікір қосу